Масаң жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды

16
фото Азаттық рухы

Жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, масаң күйде басқаруы әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. 4.10.2023 жылы Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сай, құқық бұзушы 2023 жылғы 3 қазанда көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы бойында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, спирттік ішімдік ішкен күйде көлігін басқарғанын көрсетті. Бұдан бұрын құқық бұзушы Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін, жүргізуші куәлігін қайта емтихан тапсырып алмағандығы белгілі болған.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енбеген.