Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған үшін әкімшілік қамаққа алынды

41
фото Sputnik / Владислав Воднев

2024 жылғы 19 қаңтарда құқық бұзушы С.С. өзінің басқаруындағы жеңіл автокөлігін Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округінің тас жолы бойында басқарып келе жатып полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігінде, ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау әкімшілік жауаптылық көзделген.
Құқық бұзушы С.С-ның әрекеті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып қарау үшін сотқа жеткізілген.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Сот іс құжаттарын зерттеп, олардың жиынтығына баға бере отырып құқық бұзушының полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабына орындамағандағы іс-әрекетін ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен саралануға жатады деп тапты және оған баппен бір тәулікке әкімшілік қамау жазасы қолданды.
Құқық бұзушы С.С-ға әкімшілік жаза қолданарда, сот, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп, кінәсін мойындайтыны және әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылығын ауырлататын мән-жайлардың жоғын ескерді.
Қаулы заңды күшіне енбеген.