Алтын құрсақты аналар қатары артып келеді

46
фото ШҚӘБҚ

 

Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні» қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді. Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”, 3 874 ана — Күміс алқа” иегерлері.

Сондай-ақ, 12 мамыр – Аналар күніне орай,  Тұран ауданындағы батыр аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 18 алтын және 52 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды.