Келестік «Үздік оқырман» оқушы велосипед ұтып алды

фото КАӘБҚ

Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы өз мәресіне жетті. Үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед пен планшет секілді бағалы сыйлықтар үлестірілді.

— Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені бастауыш сынып оқушысы жеңіп алды. 2-сынып оқушысы Кемелбай Нұрсая спорттық велосипед, 7-сынып оқушысы Абдували Әділет және 11-сынып оқушысы Кабил Аидаға планшеттер берілді. Қазіргі таңда оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру маңызды. Сондықтан осындай жобалар білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыра түседі деген сенімдеміз, – дейді мектеп директоры Убайдулла Ералиев.
Айта кетейік, қазіргі таңда білім ордасында 435 оқушы білім алады. Биылғы оқу жылының түлектерінің ішінде “Алтын белгі” төсбелгісіне 3 оқушы, “Үздік аттестатқа” 1 оқушы үміткер болып отыр.