Полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі

30
фото ТО ПД

 

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз тасымалдаған күдікті 2 жігітті ұстады. Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент-Жетісай тас жолында «Тойота» автокөлігін тоқтатты. Көліктегі екі жігіттің ағайынды Жамбыл облысының тұрғыны екені анықталды.

Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 65 кг-нан асатын ішінде «марихуана» есірткісі бар 4 қап тауып алып алды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.

Аталған жайт «Тосқауыл» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.