Оқушы қызды пышақтап, денесін арыққа тастағандар сотталды

 

Түркістан облысында денесі арықтан табылған оқушы қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Марқұм Аружан Орынбай өткен жылы сәуір айында үйінің артынан өлі күйінде табылған еді. Ал, оны өлтірді деп сол ауылдағы жоғары сыныпта оқитын екі ер бала күдікке ілінген. Бір жылға жалғасқан сот нәтижесінде олар 3 жылдан 16 жылға дейін сотталды.

Бұл жігіттер 15 жастағы Аружан Орынбайды өлтірді деп күдікке ілінген. Сол кездегі жоғары сынып оқушылары қазір 18 және 20 жаста. Бірі қызды үйінен шақырса, екіншісі оны өлтірді деп жауапқа тартылды. Нәтижесінде күдіктінің біреуі үш жылға, екіншісі 16 жылға сотталды.

Бейбарыс Берік, сотталушы: «Ол жерде Аружанның өліміне мүлдем қатысым жоқ. Мына баланың айтып отырғанының бәрі жалған. Пышақты тығып алатын болсам мынаған бермеймін ғой. Апарып, өзім ақ құрта салмаймын ба оны лақтырып«.

Апелляциялық сот үкімі алқабилер қатысуымен шықты. Бұған дейін Бейбарыс 16 жылға сотталса, Тасқын бас бостандығынан шектеу жазасымен құтылған еді. Қос тарап та сотты қайта қарауды сұрап, апелляциялық сот төрт айға созылды.

Динара Зілғараева, марқұмның анасы: «Үш жыл дұрыс деп ойлаймын. Ал мына балаға 16 жыл бергені дұрыс болды»-» Кешірім сұраған жоқ ешқандай, мойындаған жоқ. Бірақ, экспертиза барлығы дәлелденіп тұр. Мойындап келіп, ақыр соңында мойындамады»

«Қарсымын дедім ғой қарсымын. Апеляцияға беремін. Менің баламның ешқандай кінәсі жоқ«,- дейді сотталушының анасы.

Еске салайық, жантүршігерлік жағдай өткен жылы Түркістан облысының Төрткүл ауылында болған еді. 9-сынып оқушысы өлі күйінде үйінің артындағы арықтан табылды. Екі жерінен пышақталған қыздың денесі су астында 7 сағат бойы жатқан.