Көлік басқару кезінде телефон пайдаланған жүргізушілер анықталды

21
фото ТО ПД
Түркістан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Ордабасы ауданының полицейлері рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша, 590-бабы 7-тармағы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша және ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны  пайдалану» бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтады.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық және техникалық жай-күйін, оның ішінде заңсыз қайта жабдықтау фактілерін және т. б. тексеруде.
Өp кезегінде полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және жолдардағы жылдамдықты асырмауға кеңес береді.