Шымкентте Avtobys мобильді қосымшасы арқылы жолақысын төлеуге болады

фото ШқӘБҚ

 Енді тұрғындар Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы жол ақысын оңай төлей алады. Жаңа қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа да санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе тұрғындарға жол ақысын ыңғайлы және жылдам төлеуге мүмкіндік беріп, қызметті жақсарта түседі.

 Avtobys мобильді қосымшасы арқылы басқа жолаушылардың әмияндарына қосымша комиссиясыз аударымдар жасауға болады, сондай-ақ басқа қызметтерді төлеуге де мүмкіндік бар. Әрбір жолаушы тетік арқылы өз автобусының бағытын қадағалап, аялдамаға келу уақытын болжай алады.
Қазіргі таңда 4 автобус паркінің 552 автобусы осы жүйеге қосылған: Күн сайын 12 мыңнан астам адам жол ақысын төлейді.