Қайта ұрлық жасағаны үшін бас бостандығына шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

фото Егемен.кз

Сотталушы 2024 жылғы қаңтар айында Кентау қаласындағы электроника дүкеніне барып, 1 дана электрлі ерлер ұстарасын ұрлаған. Яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған.

Осы әрекеті үшін сотталушы Кентау қалалық соты үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы
тағайындалған.
Сотталушы бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандығына қарамастан ағымдағы жылдың наурыз айында Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы бойында орналасқан ерлер шаштаразында тектес қылмыстық құқық бұзушылығын қайта жасап, шаштараз ішінде үстел үстінде тұрған 1 дана электрлі ерлер шаш алатын құрылғысын ұрлаған.
Жәбірленуші мен сотталушы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес татуласуына және келтiрiлген шығынын қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Алайда, алдын сотты болған азаматтың құқық бұзушылығының қайталануына байланысты Кентау қалалық пробация қызметі бөлімі бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын келтіріп, Кентау қалалық сотымен қанағаттандырылған болатын.
Осылайша сотталған азаматқа ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен тағайындалған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан 1 жыл
4 ай 27 күн мерзіміне қамауға алынды.