Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылатын кезеңі.
Осындай іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында төмендегі талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз:
Мал сату, сою бекеттерінде:
- құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру;
- мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтауы (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы;
- қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтауды ұстануы;
Үй жағдайында «Құдайы тамақ» беруде:
- қонақтардың қол жууына жағдайдың болуын;
- тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыруын;
- шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;
- үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуін;
- ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, сақталу талабы сақталынбағанда келесі күні пайдаланбауды;
- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау;
Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде «Құдайы тамақ» беруде:
- ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға араналған раковиналар қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталуын;
- желдету және (немесе) ауа баптау жүйелерінің көзделуін;
- қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауының қадағалануын және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;
- үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбауын;
- тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін, олардың тоңазытқышта сақталынуын;
- азық-түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан-тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдары (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалануын;
- жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асыруын;
- тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар), оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделуін;
- персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтау жағдайының болуы;
- медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуын;
- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмеу керектігін ұсына келе, жоғарыда аталған
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталынбаған жағдайда халық арасында улану, аса қауіпті, өткір ішек жұқпалы аурулар жағдайларының тіркелінуіне себепкер болатынын назарларыңызға саламыз.
М.Б.Асқарова,
Шымкент қаласы
Тұран ауданының
СЭББ жетекші маманы