«Адам құқығы дегеніміз адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі» дейді Нұржан Әбдезов. Ол ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі. Адам құқықығының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда және заң актілерінде қарастырылатынын түсіндірген Нұржан Әлібекұлы қызметіне 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап кіріскен.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, оның құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету болып табылады. Ол өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар конвенцияларын ратификациялаған ҚР халықаралық міндеткерлеріне және осыған ұқсас құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай атқарылады. ҚР заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтары шектеулерге жатпайды.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілінің мекенжайы:
Шымкент қаласы
Желтоқсан көшесі, 16
Әділет департаменті ғимаратындағы 414 бөлме
байланыс тел. 77-65-68
8 702 502 47 74