Жұмаға дейін Шымкентке 2 тонна автогаз жеткізіледі

2
фото Отырар.кз

Шымкентте сұйылтылған газ тапшы. Сондықтан қала басшысының орынбасары шұғыл жиналыс өткізді. Онда кәсіпкерлер мәселесі тыңдалып, автогаз жеткізу жолдары талқыланды.

Шымкентте сұйылтылған газ тапшы. Мамандардың сөзінше қаладағы 60 пайыз жанармай бекетінде автогаз жоқ. Маусым айына 5 мың тонна мұнай өнімі жіберілсе, қазір оның 200 тоннасы ғана қалыпты. Кәсіпкерлер жыл сайын Шымкентке келетін газ көлемі азайып бара жатыр дейді.

«Жылдан жылға, квартал сайын қаланың газ алу көлемі азайып бара жатыр. Кезінде айына 7-8 мыңнан келсе, қазір 5 мыңға түсті. Алдыңғы кварталда дефицит тек коммерциялық газбен жабылды. Министрліктің ақпараты бойынша 20 пайыз дефицит дейді. Ол 40 пайызға дейін барады. Бірінші әлеуметтік газ 15 күнге ғана жетеді. Ары қарай коммерциялық өнімді сатамыз. Сөйтіп алдыңғы кварталда шығып кеттік. Ал осы кварталда барлық мекемеде газ бітті», — дейді кәсіпкер Ердаулет Ибадулла.

Бизнес иелері таңнан бері сұйылтылған газға кезек күткендер саны көп екенін айтады. Қалған өнімді жеткізу үшін талонмен босатып жатқан көрінеді. Ал дефицитті болдырмауға септігін тигізіп отырған коммерциялық автогазды алу үшін бұл айда мемлекеттік конкурста жеңіп шыға алмадық дейді

«Осы айда мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыстық. Тапсырыс бердік. Бірақ біздің бағамыз сәйкес келмейді деп біздің сұранысымыздан бас тартты. Сондықтан бізде жетіспеушілік болып жатыр», — дейді Satory компаниясының директоры Динара Кұралбекова.

Осы жайдайға байланысты қала басшысының орынбасары шұғыл жиналыс өткізді.

 «-30 мың тонна дефицит. Жылына 60 мың тонна аламыз. Олар қосымша шамамен 5 мың тонна береді. Сонда жылына 70 мың тоннадай алып отырмыз. Сонда 20 мың тонна жетпейді. Бізге министрлік жеткізіп бере алады ма? Әлде барлық жақ осылай дефицитпен жұмыс істеп жатыр ма?

-Енді министрлікте жалпы бар. Бірақ коммерциялар компанияларда бар. Бірақ ол әлеуметтікке жатпаған соң, қымбат болады», — дейді жиналысқа қатысушылар.

Жиын барысында Сәрсен Құранбек мамандармен берге мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырды. Ақылдаса келе министрлікке бірқатар ұсыныс жіберілетін болды.

 
«500 тонна күніне керек-ау, иә? Біріншіден, соны бөліп беруді сұраймыз. Екіншіден, бұл мәселенің шешімі станциядан шығатын газды тездетіп бізге жеткізуді министрлік арқылы сұраймыз. Үшіншіден, біз үшінші тоқсанда бөлінетін көлемнен қазір бөліп бере тұр деп айтамыз», — дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек. 

Бұл айға газ жетпей қалу қаупі болғандықтан қосымша Ақтөбеден 2052 тонна мұнай өнімін алу үшін өтініш тасталды. Жауаптылар ол жұма күні қалаға жеткізіледі дейді. Оған дейін жеке компаниялар күніне 300-400 тонна көлемінде автогаз сатылымға шығарады.