Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың қанша гонорар алатыны белгілі болды

45
фото olympic.kz

Төрткүл дүние көз тігіп отырған Париж олимпиадасын қазақстандық спортшылар жақсы нәтижемен бастады. Күні кеше дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасында алтыннан алқа тақты. Тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды. Әлемдік додада мерейімізді тасытқан спортшыларымыз қанша гонорарға ие болатыны белгілі болды.

Заңнамаға сәйкес, Олимпиада чемпионына 250 мың АҚШ доллары беріледі. Теңгеге шаққанда 118 миллион теңгеден астам сыйақы алатын болады.

Ал күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден астам) алады.

Сондай-ақ, 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Алтыннан алқа тағып, күміспен күптелген алтын айдарлы спортшыларымызға әлемдік додада абыройымызды аспандатқаны үшін қанша сыйақы берсек те жарасады. Елге қайтқан соң оларға жергілікті әкімдіктердің сыйға тартатын пәтер, көлік, ағайынның мінгізетін аты тағы бар.