Úı ANONS Боксшы Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қол жүлдегері атанды

Боксшы Назым Қызайбай Париж олимпиадасының қол жүлдегері атанды

Фото: Владислав Семенов Olympic.kz.

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.