Сырдария өзенінде 37 жастағы ер адам батып кете жаздады

320

Түркістан облысы Шардара ауданында 1987 жылы дүниеге ер адам Сырдария өзеніне батып кете жаздады. Оны құтқарушылар дер кезінде байқап қалған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Сырдария өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 40 метр қашықтықта батып бара жатқан ер адамды судан шығарған.

Төтеншеліктердіе айтуынша, ер кісінің уақытта жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

(Фото: облыстық ТЖД)