Түркістанға кәсіпкерлер 190 млрд. теңге инвестиция құйған

0
фото ТО әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда 10 индустриалды және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда кәсіп ашу үшін инвесторлар 190 млрд. теңге қаражат құйған. Қазір 8 аудандағы өндірістік аймақта инфрақұрылым тарту жұмысы жүріп жатыр.

Түркістанда 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды және арнайы экономикалық аймақ бар. Мұнда 95 кәсіпорын жұмыс істейді. Ол үшін инвесторлар 190 млрд. теңге қаражат құйған. Өңір басшысы аудандармен онлайн байланысқа шығып, аймақ ақуалын талқылады.

Қазір 8 аудандағы индустриалды аймақта инфрақұрылым тарту жұмысы жүріп жатыр. Осыған қатысты облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына тапсырма берді.

«Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды былай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет»- дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, өңірде шағын өндірістік парк құрылып жатыр. Онда 42 ғимарат бой көтермек. Қазір жобаның 1-кезеңі аяқталып, 14 нысан іске қосылды.