Ұлттық домбыра күні Шымсити аймағында тойланады

38

Ұлттық домбыра күніне арналған гала-концерт Шымситиде өтеді.

Мерекелік шара 7 шілде күні 19:00-де «Shym City» шағын ауданындағы жаңадан ашылған саябақта ұйымдастырылып жатыр. Барша қала тұрғынын Ұлттық домбыра күні мерекесіне арналған «Ұлттың рухы – Домбыра» атты мерекелік гала-концертке шақырады.

Концерттік бағдарламада төрт мың жылдық тарихы бар халқымыздың ұлттық аспабы домбыраның шанағынан төгілген күйлер мен ұлттық әндер орындалады. Сонымен қатар, домбырашылар ансамблі шығармашылық үйірмелерінің 400-ге жуық домбырашылары өнер көрсетеді.