126 педагог пен 9 директордың орны бос тұр

44
Фото: Отырар.кз

126 педагог маман тапшы. Оның басым бөлігі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

Сонымен қатар, ресми тілде жаратылыстану бағытында білім алған ұстаздар жеткіліксіз. Ал қазір 9 білім мекемесінің директорын тағайындауға конкурс жарияланған. Үшінші мегаполистің бас педагогы 3 балабақша басшысының орны көптен бері бос тұрғанын айтады.

«Қосалқы мектеп интернатының басшысы, көркем сурет мектебінің басшысы мен саз мектебінің басшы лауазымы бос тұр. №44 мектептің басшысы орнынан босатылған, №108 мектеп басшысы конкурс бойынша басқа мектепке ауысты. Ал 3 балабақшаның басшы орны біраз уақыттан бері бос тұр. Олар Түркістан облысынан қосылған кішкене балабақшалар. Сондықтан ұсыныс білдірушілер аз болып тұрған шығар. Жеткізілсіз педагогтардың саны 126 бірлікті құрап отыр», — дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.

Ал өткен оқу жылында білім беру ұйымдарында 747 бос орын босаған. Жарияланған конкурсқа 2119 адам қатысып, іріктеуден өткен 475 педагог жұмысқа қабылданды.