Білім грантын иеленбеген талапкерлер үшін арнайы Call-орталығы жұмыс істейді

30
фото ortcom.kz
фото ortcom.kz

2024-2025 оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлер үшін арнайы Call-орталығы жұмыс істейді.  2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

«Құрметті талапкерлер! Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз. Байланыс нөмірлері: 8(7172) 69-50-69; 8(7172) 69-52-92; 8(7172) 69-50-71. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00 — 18:00», — хабарламада айтылған.