Бүгін 60 жұп шаңырақ көтерді

4
фото: Отырар.кз

Сегізінші тамыз, ерекше датада 60 жұп некесін қидыруға өтініш берген. Ал жыл басынан бері өңірде 8 мың шаңырақ құрылыпты.

Сегінші айдың 8-і дәл осындай әдемі датамен мәңгілік махаббат хикаясын байланыстырғысы келген 60 шымкенттік жүп бүгін некесін қидыруға өтініш білдірген.

Бүгін шаңырақ құрған бақытты жандардың бірі Азамат пен Сабина. Жас жұбайлар достарының тойында танысып, арты махаббатқа ұласқан. Бір-бірін танып-білгеніне 6 ай болған жастар керемет күнді таңдап жанұя құруға белбайлапты.

«Біз бұл күнді Азаматпен бірге таңдадық. Бұл мәңгіліктің белгісі. Бүгін салтанатты мереке. Құдай қаласа некеміз қиылды. Енді салт дәстүрімізді жасаймыз», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Сабина Рахматуллаева.

Ал жыл басынан бері 8 мыңға жуық шаңырақ құрылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Мамандар мереке күндері мен ерекше даталарда неке қиюшылардың саны артатынын айтады.

«Бүгін ерекше күн десек болады. Жастардың арасында дәстүрге айналған ерекші күндерді таңдайды. Мәселен, мереке күнін, 07.07 сынды күндерді таңдайды. Бүгін қалада осы 60 жұбымызды тіркейміз. 2024 жылы 8 мыңға жуық неке қиылды. Ал былтыр 4 мың неке тіркелген», дейді азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Ақбота Қарнақбаева.

Мамандар мәліметінше отбасын құруға ниеттілердің орташа жасы 20 мен 30 жас аралығын құрайды. Қаладағы қарқын тек рамазан айында бәсеңдесе, ең көп неке қиылатын уақыт жаз-күз айлары екен.