Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері пробация қызметімен бірлесіп, ішкі істер органдарында есепте тұрған 5000-ға жуық адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары сот органдарымен белгіленген шектеулерді бұзған 100 адамды анықтады. Оларға қатысты тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 19 адам ҚР Әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ полицейлер әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.