Заң бұзған тәртіп сақшысы жазаланды

392

Әлеуметтік желі қолданушысы айып тұрағына көлікті алып келген полицейдің жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы жөнінде бейнежазба жариялаған болатын. Жалпыға ортақ тәртіпті ұстанбаған полицей қауіпсіздік белдігін тақпаған әрі шамын жағуды да ұмыт қалдырған. Әлде үнемі солай жүре ме, ол жағы белгісіз.

Парақша иесінің «сізге қауіпсіздік белдігін тақпай жүруге рұқсат етілген бе?» деген сұрағына құқық қорғаушы «ия, маған рұқсат» деп жауап берген. Осы жауабы үшін «таяқ жеуіне» тура келді.

Бейнежазба әлеуметтік желіге жүктеле салысымен басшылық тарапынан тез арада шара көрілді. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан «шара қолданамыз, күтіңіздер» деген жазба қалдырған болатын. Уәдесінде тұрды. Арада тәулік өтпей жатып Дания Мейірхан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында заң бұзған полицейдің жол жүру тәртібі туралы ережені бұзғандығы үшін жазаланғаны туралы айта келе дәлелді құжаттарды да қоса тіркеген. Астына «Заң алдында бәрі де бірдей» деген жазба қалдырыпты.

Ернар Балабеков