Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 38,4 мың тонна. «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына көмірдің қажетті көлемі тасымалданған. Көмір тасымалдаушы мекемелердің қоймасында 40 мың тонна көмір бар.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Ерболат Мамырханның берген мәліметіне сүйенсек бүгінгі күнге, шаһар тұрғындары тарапынан көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз шағым түскен жоқ деп нақтылады.
1 тонна көмірдің бағасы 19 350-19 650 теңге аралығында
Анықтама: Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 38,4 мың тонна, атап айтқанда
-бюджеттік мекемелерге және дербес қазандықтарға қажетті 4,5 мың тонна, келісімшарт жасалған.
- қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 33,9 мың тонна. Қазіргі таңда тұрғындар арасында көмірді уақытылы сатып алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
- Жалпы, қаланың 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынған, апта сайын тұрақты монитроинг жүргізілуде».