Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің БҰҰ Бас ассамблеясының 79 сессиясы аясында С5+1 -мен кездесуі

21
фото СІМ

 

 

Қыркүйектің 27 күні, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Энтони Блинкен БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы жыл сайынғы сессиясында C5+1 платформасының қолдауымен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түркіменстанның және Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлерімен және өкілдерімен ортақ мүдделерді талқылады, — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. .

2023 жылдың 19-шы қыркүйегінде өткен C5+1 форматындағы Президент Саммитінің ашылуында АҚШ пен Орталық Азия көшбасшылары қабылдаған міндеттемелерді еске алып,  осы айтулы оқиғадан кейін қабылданған Нью-Йорк Декларациясын ілгерілету үшін жасалған маңызды қадамдардың басталғанын, соның ішінде Маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогы, АҚШ-Орталық Азия іскерлік серіктестігін қолдауға арналған B5+1 инаугурациялық Форумы және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының (CRPD) аясында С5+1 форматтағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі бірінші арнайы сессияны атап өтті.

Қатысушылар бейбіт Орталық Азия туралы ортақ концепцияны жүзеге асыруды көздейтін аймақтық қауіпсіздік бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.  Мемлекеттік хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын және оның принциптерін, соның ішінде адам құқықтарына қатысты, сондай-ақ, барлық мемлекеттердің тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына негізделген C5+1 форматындағы серіктестікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік хатшы Блинкен 2025 жылы C5+1 платформасы арқылы АҚШ пен Орталық Азия арасындағы тұрақты ынтымақтастыққа он жыл толатынын жариялады.  С5+1-ді сипаттайтын ынтымақтастық рухымен, Мемлекеттік хатшы аймақтың жаһандық сын-қатерлерді шешуде Қазақстан Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Түркіменстанмен және Өзбекстан Республикасымен бірлесе жұмыс атқару бойынша АҚШ-тың міндеттемесін атап өтті.