Шымкентке мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова келді

355
Гүлшара Әбдіхалықова

Шымкентке мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова бастаған бір топ іскер ханымдар жиналды. Оңтүстіктегі әріптестерімен халықаралық форумда басқосқан олар ана мен бала денсаулығы, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы сияқты қоғамның ең өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Осы жиынға қатысқан облыс әкіміне ұлттық комиссия мүшелері мен мемлекеттік хатшы аталған мәселелер бойынша жұмысты ширатып, шаралар қабылдауды тапсырды.

Гүлшара Әбдіхалықова

«Риксос» қонақ үйі таңертеңнен абыр-сабыр. Бәрінің көңілі көтеріңкі. Жылды қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарын жүйелемек. Оған ұлттық комиссия төрайымының өз дем берді. Ал шешімін көтермейтін мәселе аз емес. Көпбалалы отбасылары көп өңірде ана мен бала денсаулығын жақсарту күн тәртібінен түскен жоқ. Бұрынғы жылдарға қарағанда өлім азайғанмен, алғашқы медициналық көмек сапасын әлі де жақсарту қажет. Биылғы 11 айда 8 ана босану кезінде көз жұмған.

Өңірдің аты ерте жүктілік мәселесімен де жиі аталып жүр. Еліміздегі ең жас ана 13 жасар жеткіншек те бізден екені айтылғанда еріксіз жерге қарадық. Әйелдерге қатысты қылмыстық істер, зорлық-зомбылық деректері де азайып отырған жоқ.

Есесіне кәсіпкерлікті еңсеріп, ісін дөңгелеткен бизнес-ханымдардың жобалары алыс-жақын шетелдер мен Астананың көрмелерінде танылып үлгерді. Солардың бірі – иілгіш тас өндіруші Гүлнар Жолдыбаева.

Ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысып жүрген Сайрамдық кәсіпкер келіншектер де жаңа мүмкіндіктер ашылса, жұмыспен қамту жағына көбірек үлес қосар едік дейді.

Елімізде 30 мың кәсіпорын, мекемелер жұмыс жасаса, соның он мыңдайын қыз-келіншектер басқарады. Экономикалық белсенді азаматтардың да жартысын осы арулар құрап отыр. Сондықтан оларға биліктен қолдау қажет.

Айтылған сандар, жасалған сараптамалар біздің жұмысымызға негіз болады деді форумға қатысқан облыс әкімі.

[youtube]https://youtu.be/VPgnC66iouQ[/youtube]

Зәуре Оралбаева