Шымкентке мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова келді

708

Бүгін Шымкентке жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова келді. Бұл туралы тілшіміз Ардақ Жақсылықова хабарлады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EElFHCDuxvk[/youtube]

Іс-сапар аясында мемлекеттік хатшы 270 орындық Шымкент қалалық N1 балалар ауруханасының ашылу салтанатына қатысты. Бұл аурухана «Асар» шағынауданында орналасқан.

006

Мемлекеттік хатшы бастаған топты облыс әкімі Асқар Мырзахметов алып жүр. Мәртебелі қонақтар аурухананы ашып, ішін аралап, құрал-жабдықтармен танысты.

004

005

Бұдан кейін астаналық қонақтар Шымкентте жаңадан ашылған «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығына келді. Мұнда жергілікті этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен кездескен Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан халқы ассамблеясының жылын тойлау, осыған орай қолға алынған шаралармен таныстырды.

007

011

008

Осы жиында Оңтүстіктің белгілі оқытушы-ғалымы Әсма Қалыбекова «Қазақстан халқы ассамблеясына — 20 жыл — 20 игі іс» жобасы аясында әдет-ғұрып орталығына өзінің кітабының 20 данасын сыйға тартты.

Фотолардың авторы – Сәбит Тастанбек