«АМАНАТ» партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасы, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысты. Ол №231 референдум учаскесінде дауыс берді.
«Бұл оқиға — бүкіл ел үшін үлкен маңызға ие. Әркім өз құқығын пайдаланып, дауыс беруі керек. Өйткені Қазақстанның болашағы осыған байланысты», — деді ол өз таңдауын жасағанан кейін.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте таңертеңнен бастап барлық 344 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Онда қала тұрғындары елдің одан әрі дамуына әсер ететін негізгі мәселе бойынша өз таңдауларын жасап жатыр.