Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған фотокөрме өтті

21

Шымкентте Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған фотокөрме өтті. Шараға отандық эстрада жарық жұлдызының жас кезінен бастап, өмірінің соңғы сәттеріне дейінгі суреттері қойылды. Сонымен қатар ән сүйер қауымға арнап, оның шығармашылығынан әндері шырқалды.

Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған фотокөрме әншінің бойтұмарына айналған «Джулия» әнімен басталды. Шараға талантты музыканттың жас кезінен бастап, әлемдік аренада өнер көрсеткен кезіне дейінгі фото суреттерінің топтамасы ұсынылған. Кеш қонағы Дәулет Дәмен Батырхан Шүкеновтің әндерін кішкентайынан сүйіп тыңдайтынын айтады.

«Кезінде «А-студио» тобы болды ғой. Сол кезден бастап жеке шыққанға дейінгі кездердегі барлық әндерін тыңдап өстім. Бүгінгі кеште әнші ретінде қатысамын. Негізі 14-15 жасымнан бастап тыңдай бастадым. Мұрағатты ақтарып қарадым. Бұл кісінің дауыс бояуы өте жағымды. Дауыс бояуына қарап, осы кісілерге еліктеп өстік», — дейді  Шымкент қаласының тұрғыны Дәулет Дәрмен.

Отандық музыка өнерінің ерекше дарын иесі, жарық жұлдызы, эстрада болмысын шетелге таныстырып, шығармашылығын халықаралық дәрежеге көтере білді. Ал бүгін оның халық жадында сақталған әндері шырқалды.

Еске алу көрмесі Батырхан Шүкеновтің 2002 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген «Отан-Ана» ән-жинағымен байланыстырылды. Шара ұйымдастырушылары қазақ эстрадасында ойып орын алған жанның өнерін дәріптеу маңызды дейді.

Азамат Айтбаев, «Көрме» орталығы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: «Бұл көрмеде тек фотоларын ғана қоймай ол кісінің өмір жолын, еңбектерін осы жас өскелең ұрпаққа ұсынып, оларды шабыттандыруға, қызығушылығын арттыруға атсалысады. Батырхан Шүкенов қазақ ән өнерінде ғана емес, Ресейде де біршама әнші десек болады»

Бар ғұмырын музыкаға арнаған Батырхан Шүкенов 53 жасына қараған шағында дүниеден озды. Оның өнері мен шығармашылығын бағалаған халық әр кезең сайын түрлі еске алу шараларын өткізіп тұрады.