Біркөлікте үй аумағында жинаулы тұрған 15 тонна шөп жанып кетті

1

Төлеби ауданы Біркөлік ауылында үй аумағында жинаулы тұрған 90 тонна шөптің 15 тоннасы жанып кетті.

ТЖМ мәліметінше, оқиға кеше 14 қазанда болған. Алдын ала болжам бойынша өрт 275 шаршы метр алаңға жеткен. Шаруашылық құрылысы мен шөп өртенген.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 75 тонна шөпті өрттен сақтап қалып, қызыл жалынның 2000 шаршы метр алаңға таралуының алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.