Инвестор тарту арқылы тігін фабрикасын салу мәселесі талқыланды

30
фото САӘБҚ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі»,-деп атап өткен.
Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында кәсіпкермен кездесті. Жиынға қала әкімі, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкер Қ. Мықтыбаев аудан әкіміне аудан аумағынан тігін фабрикасын ашу бойынша жобасын таныстырып, жүзеге асыруға ниетті екендігін жеткізді.
Кәсіпкермен тілдескен аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарына сонымен қатар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімі бойынша баяндауды жүктеді.
Ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.