Сарыағаштық үздік сынып жетекшісі республикалық кезеңге жолдама алды

35
фото САӘБҚ

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуркулов Дауренбек Миатұлы «Үздік сынып жетекші-2024» байқауының облыстық кезеңінде топ жарып, бас жүлде иегері атанды. Бұған дейін ол аудандық сынып жетекшілер сайысына қатысып, біліктілігі мен тәжірибелігін, өз мамандығының жетік білгірі екендігін дәлелдеді.

Нуркулов Дауренбек Миатұлы — Абай атындағы ҚазҰПУ-ды үздік тәмамдап, еңбек жолын ауыл мектебінен бастайды. Жас маман болса да білімімен тәжірибесін ұштап, шығармашылық тұрғыдан белсенділігін көрсетіп келеді. Айталық, шәкірттері ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда оза шауып, аудандық, облыстық білім бәйгелерінде жоғары нәтижеге қол жеткізуде.
Үздік сынып жетекшілер сайысының республикалық кезеңіне жолдама алған ұстазымыз Дауренбек Нуркулов шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін танытады деп сенеміз! Алдағы