Шымкентте 2 жеке мектеп білім беру лицензиясынан айырылды

384
Рыскелді Салхутдинұлы, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Шымкентте білім беру ұйымдарын қалай аттестаттайды? Балабақшалардың жұмысын кімдер тексереді? Осы және тағы басқа сауалдарға Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Рыскелді Салхутдинұлы жауап берді.

— Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамент міндетімен қандай?
— Департаменттің негізгі мақсаты — өз құзіреті шегінде Шымкент қаласында орналасқан білім беру ұйымдарының білім сапасына мемлекеттік реттеу және бақылау жүргізу. Сонымен бірге бұл департаменттің құқықтары мен міндеттері бар. Өз құзіреті шегінде әкімшілік істерді қарайды. Ол істерді сотқа жолдайды. Және сотқа қатысады. Содан бөлек заңды және жеке тұрғалардың арыз-шағымын да қараймыз.

Енді департаменттің функциясына келетін болсақ, негізгі функциясының бірі Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдарына лицензия береді. Лицензияға қосымша беріп, қайта рәсімдеуді жүргізеді. Сонымен бірге апостильдеу рәсімін жүзеге асырады. Және де қаламыздағы барлық білім беру ұйымына меншік түріне қарамастан оқу-тәрбие процесіне, материалдық әрі техникалық базасына мониторинг жүргіземіз. Әрине, педагогтардың құқығы қорғалуы мен жұмысқа қабылдануын да назарда ұстаймыз.

— Ал мектептке дейінгі ұйымдар яғни балабақшалардың жұмысына қалай әсер ете аласыздар?
— Мектепке дейінгі тәрибе мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды да қабылдауды жүзеге асырамыз. Меншік иесіне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізіп, жоспардан тыс тексеріс те өткізеді.

— Жыл басынан бері бұл департаментке қанша арыз-шағым түсті және cоның басым бөлігі қай бағытта?
— Көбінесе білім саласындағы заң бұзушылықтар жөнінде болады. Және де мектеп басшылығына наразылықтар бойынша да шағым болады. Ата-аналардан білім сапасының әлсіздіге жөнінде арыз-шағым түседі. Осындай негізде жыл басынан бері 114 арыз-шағым түсті. Осы істер бойынша 19 әкімшілік хаттама толтырылды. 11 заңды тұрға, 7 жеке тұлға және 1 тұлғаға әкімшілік іс қаралап, айыппұл салынды. Ал департамент құзырына жататын шағым өзімізде қаралады. Ал басқарма немесе басқа да құзырлы органның құзырына жататын мәселені тиісті мекемелер қарайды.

— Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қанша жылда және қалай жүргізіледі?
— Мемлекеттік аттестаттау — мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес екенін бақылауды білім беру ұйымына бармай, сайт арқылы яғни сол ұйымның жүктеген құжаттарын тексеру арқылы 5 жылда бір рет жүргізіледі. Ал жаңадан ашылған мектептер жылда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 3 жылда мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Ал енді осы бірінші рет аттестаттаудан өтпеген ұйымға екінші мүмкіндік беріледі. Ондай жағдайда білім беру ұйымы департаментпен келісе отырып, кемшіліктің ауқымдылығына байланысты мерзім алады. Қанша уақыт екенін таңдау мүмкіндігі сол ұйымға берілген. Ал осы екінші мүмкіндіктен де өтпеген жағдайда біздің департамент қызметкерлері сол ұйымға бару арқылы профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Бұл жұмыс бір жылға дейінгі мерзімді алады. Міне, білім беру ұйымдарына егер кемшілік анықталсағ оны жөндеу үшін заң бойынша бір емес бірнеше мүмкіндік беріліп отыр. Ол да сәтсіз болған жағдайда лицензиясын тоқтату керек болады. Бірақ соңғы 1 жылға едйінгі профилкатикалық жұмыс кезінде кемшілікті түзетуге толық мүмкіндік бар. Қазір қаламызда сол мүмкіншілікті пайдаланып, заң аясында жұмысын жүргізіп отырған ұйымдар бар. Біздің департаменттің негізгі мақсаты — білім беру ұйымының лицензиясын алып қойып, жұмысын тоқтату емес, керісінше білім сапасын арттырып, заң аямында жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету болмақ.

— Шымкентте лицензиясынан айырылған білім беру ұйымы бар ма?
— Биыл 200 білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізу жоспарға қойылған. Оның 70-і мектеп, 130-ы балабақша. Қазір оның 130-ында аттестаттау өткіздік. Ал, қалған 70-і қыркүйек, қазан, қараша айында аттестаттаудан өтеді. Осы кезге дейін департаменттің араласуымен 7 мектептің лицензиясын 1-2 айға тоқтатылса, 2 жекеменшік мектептің лицензиясы қайтарылып отыр. Тағы 2 жекеменшік мектеп берілген уақытта кемшілігін жөндемеуіне байланысты лицензиясы тоқтатылды. Шымкентте 150 мемлекеттік мектеп, 131 жекеменшік мектеп болған. Қазір жекеменшік мектептердің саны 129 болды.

— Ал мониторинг жұмысында нақты нені қадағалайсыздар?
— Бұл енді мектептегі оқу тәрбие процесіне және материалдық базаларға, педагог құқығының қорқғалуы, қауіпсіздік, әжетхана жағдайына дейін жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеріс те болып тұрады. Бұл да білім беру ұйымдарында білім сапасына әсер ететін жағдайлар. Сапаның өз деңгейінде болуы үшін тексеріс болады. Мысалы өткен тамыз айында мектептердегі кітапхана қорына, қауіпсіздік дабыл батырмаларының болуына мониторинг жүргіздік. Біздің соңғы зерделеудің нәтижесінде 129 білім беру ұйымының 14-інде әлі дабыл батырмасы жоқ. Және 5 мектептің кітап қоры жеткілікті емес. Департаменттің мониторинг қорытындысы нәтижесінде білім басқармасына кемшіліктерді түзету бойынша хат жолдадық. Ал оны бақылау үшін қала әкімдігіне де хат жолдаймыз.

— Енді балабақшаға тоқталсақ, кейбір балабақшаларға баланы сеніп беруге болмайтын сияқты. Жақында ғана бір балабақша тәрбиешісі баланы еденге лақытырып, кейін аяғынан сүйрегені жайлы видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Мұндай жағдайда департамент не істеді?
— Иә, бұл жағдай бойынша департаментке де арыз түскен. Соған байланысты қыркүйектің 10-ы мен 13-і аралығында тексеріс тағайындадық. Заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне байланысты шара көріп, айыппұл салдық. Сонымен бірге полиция тарапынан да іс қозғалды. Бұл мәселе қала әкімінің бақылауына алынды. Біздің де бақылауымызда. Мұндай заң бұзушылық заң аясында қаралады. Қазіргі таңда тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал енді мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, яғни балабақшалар лицензияланбайды. Олар жұмысын бастағаны немесе тоқтатқаны жайлы бізге хабарлама береді. Сол хабарламаға сай қай балабақша жұмысын бастағанын, қайсысы тоқтатқанын қадағалап отырамыз. Биыл заңбұзушылық бойынша жұмыс тоқтаған балабақша болмады.

Сұхбаттасқан — Жанерке ХУМАР

Бұл мақала Oñtüstık Rabat газетінің
№39 санында (26.09.2024 ж) жарияланды