«Таза Қазақстан»: Көпқабатты үйлердің ауласы қоқыстан тазартылды

28

Шымкентте көпқабатты үйлердің ауласы тазаланды. «Таза Қазақстан» экоакциясына тұрғындар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Олардың арасында ауданның ақсақалдар алқасы мен белсенді жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. 3-ші шағынауданда 40-қа жуық коммуналдық қызметкер тұрғындармен бірге ауланы қоқыстан тазартты.

Ақайша Байымбетова, Тұран ауданы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шебері: «Біз 3 мөлтекауданда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тазалықтың ішінде жол жиектерін тазалау, подьездердің алды, ойын алаңшаларын тазалау жұмыстары кіреді. Таза Қазақстан аясында басқа мекемелер де көмекке келеді ғой, студенттер де келеді, әкімшіліктен келеді. Солар келгеннен кейін бізге жұмыс жеңілдей түседі. Жеңіл болады жұмыс. Адам көбейген сайын жұмыс жеңілдейді ғой».

Айта кетейік, экоакция аясында апта сайын қаланың әр бөлігінде сенбілік өткізіліп тұрады. Табиғатты аялау, тазалық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылатын акция жыл соңына дейін жалғасады.