Тозығы жетіп, ескірген шағын сәулетті мүсіндер толығымен алынып тасталады

31
фото ШҚӘБҚ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Жұмабекұлы мен Сәрсен Абайұлы қазан айында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жиында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев қаладағы мүсіндердің жағдайы мен даму жоспарлары туралы баяндады. Қазіргі таңда қалада 180-нен астам тарихи-мәдени мұра нысандары бар. Оларды күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда аудан аумақтарында кіші сәулеттік нысандар орнатылып жатыр. Басқарма басшысының сөзінше, Абай ауданындағы 4 мәдени ескерткішке зерделеу, түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілген. Бұдан бөлек, қаладағы барлық шағын сәулетті нысандардың біркелкі болуы үшін тозығы жетіп, ескірген шағын сәулетті мүсіндер толығымен алынып, орнына жаңа үлгідегі МАФ-тар орнату жоспарлануда.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев газ баллондарының және газ ауа қоспасының жарылуының жиілеп кетуіне байланысты алдын алу шаралары туралы айтты. Қала аумағында 13 634 жеке тұрғын үй және 277 пәтерлі 15 жатақхана қатты отынмен жылытылады. Қазіргі таңда газ баллон қолданатын аталған үй тұрғындарына департамент тарапынан «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау», «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақтары таратылып жатыр. Бұдан бөлек, апта сайын 112 қызметімен улы газбен улану бойынша сақтық шаралары туралы СМС жолданымдар жолдануда.