Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы атынан хабарласса…

24
фото ШҚЖҚЖӘҚБ

Қазіргі таңда WhatsApp мессенджерінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның атынан хабарлама жіберіліп жатыр. Мұның жалған екенін мәлімдейміз!

Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Басқарма басшысының әлеуметтік желіде тек екі ресми аккаунты бар:
Ж.Өтебаева барлық хабарламаларды тек жеке телефоны мен ресми аккаунттарынан жібереді. Егер сіздерге басқарма басшысының фотосы қойылған жасырын нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!