Жыл басынан бері интернет арқылы 35 адам жарылыс туралы жалған хабарлама жіберген

80

 Ішкі істер министрлігі жалған-террористер туралы сөз қозғады. Қазақстандықтар сауда орталықтары, мектеп және басқа да қоғамдық орындарда жарылғыш зат бар екені туралы жалған ақпарат таратуды жиілеткен.

Өткен жылы осындай 73 жалған қоңырау тіркелген болса, биыл 5 айдың ішінде 72 қоңырау түскен. Мамандар олардың көбінесе масаң күйде қоңырау шалатынын және жұмыссыз азаматтар екенін айтады.

«Жарылғыш қойылғаны» туралы жалған хабарламалар кек алу актісіне айналды бүгінде. Қазақстандықтар басқа адамның атынан құқық қорғау органдарына қоңырау шалып, өзгеде кеткен кегін осылай алады. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде айтылды.

Спартак Қабденов, ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары: «Соңғы кезде ғаламтордың, мессенджерлердің дамуына байланысты интернет арқылы келіп түсетін жалған хабарлар күрт өсуде. Мысалы биыл 5 айдың ішінде 35 осындай қылмыс жасалды. Олардың барлығы адамдар көп жиналатын объектілердің электрондық пошталарына хабарлама келеген. Оның ішінде аэропорт, вокзал, мемлекеттік орган ғимараттары және басқа да обхектілер бар».

Жалған хабарлама таратқаны үшін сотталғандардың басым бөлігі қылмыс жасалған кезде мас күйде болған. Өткен жылы мұндай мас бомба қойғыштардың саны 14-ке жетіпті.

Жыл басынан бері 5 адамның ісі сотқа жолданып, сот үкімі шықты. 2 адам бас бостандығынан айырылды, 2 адамның бостандығына шектеу қойылды және 1 адам шартты түрде сотталды.

Өткен жылы терроризм актісі туралы 73 жалған хабарлама тіркелген болса, осы жылдың тек алғашқы бес айында ғана осындай 72 қылмыстық іс қозғалған. Оның 35-і ғаламтор арқылы жіберілген анонимдік хабарлама. Интернеттегі қылмыстарды ашуға ұзақ уақыт кетеді, бірақ тәртіп сақшыларының сөзінше мұндай «интернет-әзілкештер» жазасыз қалмайды.

Құқық қорғау органдары ең алдымен шынайы қауіп болуы мүмкін екенін ескере отырып тиісті әрекет жасайды. Аймақтағы, оқиға орнындағы адамдардың барлығы эвакуацияланады, сыртқа шығарылады. Сондықтан келіп түскен барлық осындай ақпарат бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Оқиға орнына кинологтар, саперлар шығып, ол жерді тегіс тексеріп, жарылғыш заттың жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана ғимараттың жұмысы қайта іске қосылады. Бұл қылмыстардың қауіптілігі кәсіпорындардың жұмысына кедергі келтіреді және олар шығынға батады. Құқық қорғау қызметкерлері өз жұмысын тастап, оқиға орнында жұмыс жасайды.

Жарылғыш құрылғылар мен бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама тарату – жай ғана әзіл емес, қылмыстық-құқық бұзушылық болып саналады. Бұл үшін 15 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Ал жалған-террористті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Наурыз айында ағымдағы жылы көліктегі ішкі істер департаменті және Қостанай облыстық ПД бірлесіп, Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Ол азамат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы 36 объекттің электрондық пошталарына жалған ақпарат таратқан. Қылмыстық іс бүгінгі күні аяқталып, сотқа жіберілді. Атырау облысында да осындай жағдай болды. Оқушы электрондық хабарлама жіберген мектепке, мектептегі оқыту процесін бұзу үшін. Аталған хабарлама  ашылды. Қазір қылмыстық іс жүргізілуде.

Сонымен қатар, тағы бір проблема – психикалық денсаулығы нашар адамдардың дертінің маусымдық өршуі.

Қылмыстарды ашу бойынша ішкі істер органдары арнайы кабинеттермен бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Қазір шетелдік құқық қорғау органдармен байланыс орнатылған. Интернеттің айпи адресін, электрондық мекен жайды анықтау бойынша, соның ішінде интерпол каналдары жұмыстар жүргізіп жатыр. Яғни, қылмыс жасаған адам сим-картасын, телефонын ауыстырып немесе жалған электрондық пошта жасау – оның жазадан құтылуына көмектесейді деп айтуға болады.

Тәртіп сақшылары жалған хабар таратушылардың басым көпшілігі -жұмыссыз дейді. Биыл ашылған 19 қылмыстың 15-ін жұмыссыздар жасаған.

Гүлдана Дәурен