Александра Пахмутова 95 жаста: Музыкамен жазылған тарих

33
фото З.Тұрысбековтың жеке архивінен

 

9 қарашада таланты бірнеше ұрпақтың үніне айналған ғажайып әйелдің мерейтойын атап өтетін күн. Әуезі әр шаңырақта шырқалып, ел жетістіктерін серік еткен сазгер Александра Пахмутова 95 жасқа толып отыр.

Оның музыкасы жай ғана ноталар емес. Бұл миллиондардың қуаныштарымен, армандарымен, үміттерімен үндесіп соғатын жүрек. Миллиондаған адамдар махаббатқа сенген «Нәзіктіктен» бастап, жасампаз ұрпақтың әнұранына айналған «Біздің жастар ұжымына» дейін оның туындылары нұрға, шабытқа, ерекше жылулыққа толы.

Пахмутова ең бастысы – туған жер, еңбек, ерлік, махаббат пен достықтың құдіреті туралы музыка жазды. Ол ғарышкерлер мен спортшыларды, құрылысшылар мен арманшылдарды, түрлі кәсіп пен тағдыр иелерін шабыттандырды. Оның әуендерінен әркім өз тарихының үзіндісін таба алды.

Александра Николаевна күйеуі және әріптесі, ақын Николай Добронравовпен бірге бізде мәңгілік қалатын жүздеген туындылар жасады. Олардың дуэті – үлкен шығармашылық пен адамдық махаббаттың үлгісі.

Бүгін біз өмірі мен қызметі шабыттандыратын осы ұлы әйелдің мерейтойын атап өтеміз. Әніңіз үшін, нәзіктігіңіз үшін, жақсылық пен нұрға сенгеніңіз үшін рахмет! Мерейтойыңызбен, Александра Николаевна!

Құрметпен, Зауытбек Тұрысбеков