Азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды

40
ОТЫРАР

Ұрыс-керіс кезінде азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды. Қылмыс 5-ші қыркүйек күні Шымкент қаласында орын алған. Сотталушы мен марқұм спирттік ішімдік ішу барысында жанжалдасып қалған. Содан азаматша жолдасының кеудесіне пышақ сұғып алған. Нәтижесінде жәбірленуші ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Сотта әйелдің кінәсі дәлелденіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі:
«Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, кінәсін толық мойындағаны, шын көңілден өкінгені, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде оның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерді алкогольді масаң күйде жасағандығы назарға алынды. Сот әйелді ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ»