Азаматтық некедегі әйелінің атынан онлайн несие рәсімдеген азамат ұсталды

200

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пәтеріне келіп, ұялы телефонын ашық түрде иемдену арқылы атынан жасырын түрде несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 2 000 000 млн теңгені құраған. Яғни, арызданушы ұялы телефонындағы қосымшаға несие бойынша келген хабарламаны көріп, өзіне заңсыз несие рәсімделгенін біліп, полицейлерге жүгінген.

Хабарды алған Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат алынған несиені өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды, белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.

Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі