Полиция 128 миллион теңге болатын ұрланған малды иелеріне қайтарды

21
фото ТОПД
Түркістан облысының аумағында мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу бойынша полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде мал ұрлығының тіркелімі 46,5%-ға төмендеді.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 15 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығының 50 фактісіне қатысы 15 қылмыстық топ құрықталып, 35 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұрланған малдың 567 басы заңды иелеріне қайтарылды, оның ішінде 78-і жылқы, 107-сі ірі қара мал болса, 380-нен астамы ұсақ мал.
Сондай-ақ полиция ветеринариялық қызметпен бірлесіп ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал аймақтарына блок-бекеттер орнатты. Жайылымдар мен сауда нүктелері, базарлар, мал сою пункттері, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер тексерілді. Ветеринариялық нормалардың сақталуын растайтын құжаттарға бақылау жүргізілді.
❕Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 5781 фактісі анықталды. Ветеринария саласындағы заңды бұзғаны үшін 930-дан астам адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты 76 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
▫️Айта кетейік, бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және облыстағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар халық арасында мал ұрлығының алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.