«Қола домбыра» айтысының бас жүлдесі Шымкентте

25
фото ӨКҚ
Елімізде алғаш рет «Егемендігім – елдігім!» атты республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті. Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп «Егемендігім — елдігім» тақырыбында республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Оған еліміздің 20 өңірінен 12-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты.
Шымкенттегі №137 мектептің 6 сынып оқушысы Әли Ислам бас жүлдегер, «Қола домбыра» иегері атанды. Ол 2022 жылдан бері Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Айтыс сыныбында сабақ алады. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табыс етіліп, жас ақындардың тәлімгер-ұстаздарына ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хаты берілді. «Қола домбыра» оқушылар айтысының жыл сайынғы жеңімпазына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім гранты беріледі.