Ресейлік дәрігерлер шеберлік сағатын өткізуде

21
фото ШӨКҚ
Шымкентте неонатолог дәрігерлердің халықаралық шеберлік сабағы өтуде. Ресейден келген бір топ маман перзентхана қызметкерлерін неонатологиядағы қарқынды терапия бойынша оқытуда. Оған Свердлов облыстық денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маман-неонатологы Ольга Ксенофонтова және Екатеринбург перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог Евгений Шестак қатысуда.
Семинар аясында дәрігерлер төмен салмақпен туған нәрестелерге күтім жасау, тыныс алуды қолдау, сепсис пен көп мүшелік жеткіліксіздікті емдеудегі біліктіліктерін шыңдайды. Практикалық жұмыстар заманауи симуляторлардың көмегімен өтеді, бұл қатысушыларға барынша шынайы жағдайда маңызды мануальды дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.
Бұл шеберлік сағаты шымкенттік дәрігерлерге білімді жетілдіру және практикалық дағдыларды шыңдау мүмкіндігін ғана емес, өңірдегі жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылатын командалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.