Танымал стилистер шеберлік сағатын өткізді

338

Кәсіби макияж бен сәнді шаш үлгісін жасау. Қаламыздағы әсемдік салондарының бірінде танымал бет әрлеуші мен стилистер шеберлік сағаттарын өткізді. Оған жұмыспен қамту орталығы ұсынған мемлекеттік қысқа мерзімді оқыту курстарына жазылғандар қатысты.

Бұл бағдарлама аясында оқып жатқан қыз – келіншектердің саны бүгінде 100-ден асады. Ал шеберлік сабағына бас аяғы 30 адам қатысып, шаш қию, сәнді шаш үлгісін жасау, бетті әрлеу, қас өсіру және тырнақ бояу секілді жаңа кәсіпке машықтанды.

Бұл оқытудан кейін оларға арнайы сертификат беріледі. Ол арқылы қатысушылар кез – келген салонға жұмысқа орналаса алады.

Айя Мүтәлі