Көк байрақтың қадыры жоқ

542
Ордабасы алаңындағы көк байрағымыздың сиқы осы
Ордабасы алаңындағы көк байрағымыздың сиқы осы
Ордабасы алаңындағы көк байрағымыздың сиқы осы

Елдің мемлекеттік рәміздері аса қасиетті саналады. Өкінішке орай, бізде рәміздерімізді асқақтатып, құрметтеу жағы кемшін.  Олай деуге себеп те жоқ емес.  Кеше Ордабасы алаңында орналасқан мешітке барғанымда  Тәуелсіздік саябағында желбіреп тұрған көк туымыздың жұлма-жұлмасы шығып, шұрық тесікке айналғанын байқадым.

 Біздің өзгеге еліктеп-солықтап жататын жаман әдетіміз бар ғой. Десек те, енді мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуді де сол шет елдерден үйренуіміз керек сияқты.

Мемлекеттік рәміздерге деген құр­мет – отаншылдық сезімнің аса бір жар­қын көріністерінің бірі. Сон­дық­тан, мұндайды көріп өскен жастардан болашақта не сұрауға болады?   Олим­пиада кезінде де көк туды көтерсек де­ген мақсатымыз бар. Бірақ, оның біресе теріс қарап, біресе ойылып қалғанына куә болып жүрміз.

Алыстан мен мұндалап тұрған тудың тесігі мен жыртығы да алыстан айғайлап тұрғандай
Алыстан мен мұндалап тұрған тудың тесігі мен жыртығы да алыстан айғайлап тұрғандай

Елiмiздiң алып көк байрағы Ордабасы алаңынан 50 метр биiктiкте желбiреп тұр. Мемлекеттiк рәмiздер алаңына табан тiрегендердiң  жүректерiнде өз елiне деген мақтаныш сезiм  ұяламауы мүмкiн емес. Бірақ, қаймағы бұзылмаған оңтүстіктегі байрағымыздың сиқына қараңыз! Құрметті редакция осы хатымды билікке жеткізсеңіздер.  Құрметпен қала тұрғыны Қалдыкүл!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rDw9nfKDJSs[/youtube]