Заңсыз лоторея ойыны үшін жауапкершілікке тартылды

20
фото kz.otyrar.kz
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Н.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  445-1 бабының 6-бөлігімен (лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуі) әкімшілік іс қаралды.
Н. 2024 жылы маусым айында Шымкент қаласында «Instagram» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында лоторея билетінің бағасын 2 000 теңге деп белгілеп, «Toyota» маркалы автокөлік құралын және ақшалай ұтыс ойындарын өткізген.
Сот отырысында Н. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен келісетінін, өзі лоторея билеттерінің ұтыс ойының ұйымдастыру заңсыз екенін білмегенін көрсетіп, кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтып өтті. ӘҚБтК-нің 445-1 бабының 6-бөлігінің санкциясымен жеке тұлғаларға – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл жазасы көзделген.
Сот, Н.-ға әкімшілік жаза қолдануда оның құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ал жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар болмауына байланысты, оған әкімшілік жаза ретінде 258 440 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген.