Қыстың ең басты мерекесін салтанатты дастархансыз, қонаққа барусыз елестетуге болмайды. Ас үй иелері алдын ала азық-түліктерді сатып алады, түрлі кулинарлық тағамдарды, салаттарды, кондитерлік бұйымдарды алдын ала дайындайды. Бірақ та, тамақты шектен тыс мөлшерде қамту, жіті ішек инфекцияларымен сырқаттану және тамақтан уланулардың себебі болуы мүмкін. Мерекелік күндері тамақтан уланулар мен жіті ішек жұқпаларының негізгі себептері жеке гигиена ережелерін сақтамау, тамақты әзірлеу технологияларының және температуралық тәртіптер мен оларды тасымалдау мен сақтау шарттарының бұзылуы болып табылады.
Егер де Сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз (іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея), еш уақытта отбасыңыз мен қонақтарға тағам әзірлеумен айналыспаңыз, дереу дәрігерге көмекке жүгініңіз.
Қолдануға арналған шикі және даяр азық-түліктерді іріктеп бөліп алыңыз: тасымалдау кезінде даяр және қолданысқа жарамды шикі өнімге жеке қаптаманы қолданыңыз; етті, құс етін, теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден жеке бөліңіз; азық-түліктерді қолданысқа даяр және шикі өнімдерден жеке жабық ыдыста сақтаңыз; даяр және шикі өнімдерге жеке пышақтар мен тақтайшаларды пайдаланыңыз.
Тағамдарды дайындау технологиясын сақтаңыз: азық-түліктерді мұқият пісіріп, қуырыңыз: әсіресе етті, құсты, жұмыртқаны, теңіз өнімдерін; етті немесе құсты ддайындау кезінде олардың сөлдері мөлдір болуы қажет; тағамдарды мұқият жылытыңыз – сорпаларды қайнатыңыз, қуырдақты 5 минуттан кем емес уақыт бойы қуырыңыз.
Сақтау шарттары мен мерзімдерін сақтаңыз: азық-түлік өнімдерін сақтау мерзімдерін есепке ала отырып сақтаңыз, сақтау мерзімі өткен өнімдерді тастаңыз; даяр тағамдарды бөлме температурасында 2 сағаттан астам уақытқа қалдырмаңыз; дайындалған тағамдарды үстел жасағанға дейін ыстық күйінде (60°С төмен емес) сақтаңыз; еттен, құс етінен, жұмыртқадан жасалған тез бүлінетін тағамдарды, сонымен қатар салаттарды, паштеттерді, пудингтерді, кремді кулинарлық бұйымдарды алдын ала дайындамаңыз; тағамдар мен азық-түліктерді тоңазытқыш ішінде де ұзақ уақыт сақтамаңыз, әсіресе егер азық-түліктің герметикалық қораптамасы бұзылған болса.
Жаңа әзірленген тағамды бұрын дайындалған тағам қалдықтарымен араластырмаңыз. Егер де дайын тағам келесі күнге қалса, оны қолданар алдында міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу (қайнату, қуыру) керек.
Тазалықты сақтаңыз: ас үй және асхана ыдыстарын, асхана құралдарын тазалықта сақтаңыз; ас үй мен тағам әзірлеуде қолданылатын барлық керек-жарақтарды ұдайы түрде жуушы заттармен жуыңыз; ас үй мен азық-түліктерді шыбындар мен кеміргіштерден қорғаңыз; көктерді, көкөністерді, жемістерді ағынды сумен мұқият жуыңыз, егер де олар кіші жастағы балаларға арналса, оларды қайнаған сумен шаю қажет.
Жеке гигиенаны сақтаңыз: тағам әзірлеудің алдында және шикі өніммен жанасқан соң қолды сабындап жуыңыз; дәретханаға барған соң, даладан келгеннен кейін қолыңызды жуыңыз.
Жеке гигиена ережелерін сақтау – Сіздің денсаулығыңыздың және мерекелік жаңа жылдық көңіл — күйіңіздің кепілі!
А. Батырбекова,
Әл-Фараби СЭББ бөлім басшысы