Шымкентегі Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптары газға қосылды. Құрылысы 2023 жылы басталған жұмыс аяқталып, 6000-нан астам абонент көгілдір газға қол жеткізді.
Нақтырақ айтқанда, Бозарық шағынауданында 1500-ге жуық, Тұран шағынауданында 4500-ден аса тұрғын үйге газ берілді. Қала әкімі жергілікті жұртшылықпен кездесіп, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Айта кетейік, табиғи газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «Qazaqgaz Aimaq»АҚ-на өтінімдер мен құжаттарды ұсыну қажет.