Үш жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

27
Фото: Отырар.кз

Шымкентте 3 жасар бала терезеден құлап кетті. Оқиға 16 қаңтар күні түскі сағат 11 жарым шамасында болған. 5 қабаттан құлаған бүлдіршіннің жағдайы өте ауыр дейді ақ халаттылар. Ауруханаға жедел жеткізілген бала дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдендіру аппаратына қосылған.

Оған қосарланған жарақат, бас-миының соғылуы, бас сүйегінің сынуы, миының ісінуі және сол жақ сан сүйегінің сынуы деген диагноз қойылды. Алдын ала болжам бойынша, бала ата-ананың қарауынсыз қалып, терезе маңында ойнаған болуы мүмкін.

Ержан Байдуллаев, Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі жөніндегі орынбасары: «Баланың жағдайы әлі ауыр күйде қалуда. Гемодинамикасы қан қысымын дәрілердің көмегімен, тыныс алуын өкпені жасанды желдендіру аппаратымен бақылап отырмыз. Жағдайы әлі өте ауыр күйде».