Көлік терезесін күңгірттеген 72 жүргізуші жауапқа тартылды

79

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері тәулік бойы атқарылған жұмыс барысында күңгірттеудің 72 дерегін анықтаған. Мәселен, тәртіп сақшылары қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген «Лада» маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан.

Яғни, көлік терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) хаттама толтырылды.

Осы орайда, осындай әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілерге техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы түсіндірілді.

Жанерке Хумар