Өткен жылы Шымкентте ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 40 млрд. теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықталды. 183 млн-ға жуық қаржы мемлекеттік бюджетке қайтарылды. 107 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы сала мамандары арнайы брифингте мәлімдеді.
Шымкентте денсаулық сақтау саласында 2 млрд. 106 млн. 402 мың теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылық анықталған. Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде, өткен жылғы бюджеттік бағдарламаларға қаражат бөлу дұрыс жоспарланбағаны белгілі болды. Сонымен қатар, 303 100 теңге көлемінде рәсімдік заңбұзушылық тіркелген. Жіті жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық сома мемлекет қазынасына қайтарылды.
Нұржан Сүлейменов, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары: «Резервтен бөлінген қаржы – 18 жасқа дейінгі балаларға имминдау үшін вакцина салғызу керек. Ол жерде жалпы сомасы 2,8 млрд. теңге бөлінген, оның 600 млн. теңгесі игерілген. Бірақ 2,1 млрд. теңгесі дұрыс емес жоспарланған. Соның салдарынан жылдың соңы болып, ол бюджетке қайтарылған. Мүмкін емес оны игеру, одан кейін дұрыс емес жоспарлау салдарынан болып отыр».
Өткен жылы департамент мамандары 40 млрд. көлемінде бұзушылықтар анықтады. 107 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардан 18,6 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Ал заңсыз әрекеттерге қатысты 7 аудит материалы құқық қорғау органдарына жолданып, кінәлілер жауапқа тартылды. Олардың қатарында тұрғын үй, спорт, жайлы ортаны дамыту басқармалары бар.
Нұржан Сүлейменов, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары: «Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 275,4 млн. теңге бюджетке өндірілетін қаражат ретінде белгіленді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 182,6 млн. теңге (66,3%) бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, 20,2 млрд. теңгенің 19,8 млрд. теңгесі қалпына келтірілді. Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік мониторинг бойынша камералдық бақылау аясында 21 551 мемлекеттік сатып алу конкурсы тексеріліп, оның ішінде 3 615 конкурста жалпы сомасы 93,1 млрд. теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды».
Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік мониторинг бойынша камералдық бақылау жүйелі жүзеге асып келеді. Жұмыс аясында 21 551 мемлекеттік сатып алу конкурсы тексеріліп, оның ішінде 3 615 конкурста жалпы сомасы 93,1 млрд. теңге көлемінде бұзушылық анықталған.